Дүйсенбі, 06 қаңтар, 17:34

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№103 — 2113
31.12.2024
PDF мұрағаты

Заңға бағынатын қоғам – әділетті Қазақстанның негізі

04.01.2025

227 0

«Ана тілі» газетінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Мақсатым – экономиканы және егемендікті нығайту» атты кең көлемді сұхбаты жарық көрді.

Президенттің мерзімді баспасөз өкілдеріне сұхбат беруі жыл сайын дәстүрге айналып келеді. Ел Президенті өзінің сұхбатында жылды қорытындылап, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстарға тоқталды.
Сонымен қатар сұхбатта ішкі және сыртқы саясаттағы басты оқиғаларға бағасын берді. Президент сұхбатында Әділетті Қазақстанды құру мақсатына ерекше тоқталып өтті.
– Әділдік – бәрін теңестіру деген сөз емес. Менің ел байлығын әділ бөлу туралы ұстанымым меншік иелерін мүлкінен түгел айырып, активтерді қайта бөлу дегенді білдірмейді. Біз іштен іруге және жүгенсіздіктің белең алуына әкеп соқтыратын мұндай жолмен жүрмейміз. Сондықтан кезінде баз біреулерге орынсыз берілген артықшылықтар мен жеңілдіктерді алып тастау, заңсыз алынған активтерді мемлекетке қайтару – популистік қадам емес, керісінше, әділдік қағидасы негізінде Қазақстанды жаңғырту стратегиясы, – деді Президент сұхбатында.
Сұхбатта президент мемлекетіміздің экономикалық әлеуетін, егемендігін халықаралық аренадағы орнын нығайту өзінің басты мақсаты екенін айтып өтті. Тәуелсіздігімізді алғалы еліміз экономикалық және саяси дамудың жоғары сатысына ие болды. Еліміздің өркендеуі үшін саяси бағытта және экономикалық бағытта тұрақтылық, қоғамда тыныштық болуы маңызды. Сондықтан елде заң мен тәртіп қағидаты бойынша жүйелі жұмыста қолға алынады.
– «Заң мен тәртіп» – мемлекеттік құрылыстың басты қағидаты. Бұл ретте жазалау шараларын қолдану арқылы қоғамға жаппай бақылау орнату туралы айтып отырған жоқпыз. «Заң мен тәртіп» қағидаты – шын мәнінде кемел демократияның тірегі, құқықтық мемлекеттің негізі. «Заң мен тәртіпке» бағынбасақ, құқық нормаларына құрметпен қарамасақ, Әділетті Қазақстанды құрып, оны өркендеген мемлекет ете алмаймыз, – деді Президент сұхбатында.
Бұдан шығатын қорытынды заң мен тәртіп үстемдік құрған уақытта ғана Әділетті Қазақстан орнайтыны анық.
Сұхбаттағы ашық әңгімелер елімізде ауқымды әрі жан-жақты реформалар жалғасын табатынын айқындайды. Халық тек күш жігерін біріктіріп, қоғамның береке-бірлігін сақтай білуі маңызды.


Серік Дүйсенбаев,

облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: