Жұма, 21 қараша, 21:10

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№88, (2200)
18.11.2025
PDF мұрағаты

Заңсыз ет цехы әшкереленді: халық денсаулығына қауіп

21.11.2025

35 0

Фото: Zakon.kz.

«Мал ұрысы» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында 3 күнде елордада 4 заңсыз цех пен 6 тоннадан астам белгісіз сападағы ет анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Елорда полициясы «Мал ұрысы» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасының қорытындысын шығарды.

Іс-шараның мақсаты – мал ұрлығының алдын алу, сондай-ақ астаналықтарды сапасыз ет өнімдерінің айналымынан қорғау. Іс-шара аясында ветеринариялық инспекциямен бірлесіп, ет өнімдерін өткізетін ішкі сауда нысандарының құжаттарының заңдылығы мен санитарлық талаптарға сәйкестігі тексерілді.

Қалалық базарлар мен ресми жұмыс істейтін ет өңдеу цехтары да қамтылды. Іс-шара барысында тиісті санитарлық жағдайы жоқ 4 жасырын цех анықталды.

Белгісіз сападағы өнімдер тәркіленіп, аталған деректер бойынша тексеріс жүріп жатыр. ЖПІШ өткізу кезеңінде жалпы 6 тоннадан астам белгісіз сападағы ет анықталып, тәркіленді. Жиналған материалдар ветеринариялық инспекцияға жолданды.

Полиция ауыл шаруашылығы жануарларын есепке алу мен сәйкестендіру жұмыстарына назар аударуда. Трассалар мен стационарлық бекеттерде ірі қара мен ет өнімдерін тасымалдаған 200-ден астам автокөлік тексерілді.

Сонымен қатар полиция ауыл шаруашылығы жануарлары ұсталып отырған жеке секторға аула-ауланы аралап, қажетті құжаттар мен ветеринариялық анықтамалардың болуын тексерді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: