Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес Қызылорда облысындағы қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру, жер және құрылыс саласындағы кейбір мәселелерді реттеу үшін арнайы жұмысшы топ құрылды.
Аталған тапсырмаға сәйкес, облыс аумағында жалпы 555 құрылысы жүріп жатқан (Қызылорда Қызылорда қаласы – 158, Арал ауданы – 72, Қазалы ауданы – 65, Қармақшы ауданы – 35, Жалағаш ауданы – 29, Сырдария ауданы – 36, Шиелі ауданы – 72, Жаңақорған ауданы – 88) кәсіпкерлік нысандар бойынша зерделеу жұмыстар жүргізілуде.
Бүгінгі күнімен 216 нысан заңдастырылды (Қызылорда қаласы – 98, Арал – 23, Қазалы–7, Қармақшы -4, Сырдария – 5, Шиелі – 3, Жаңақорған – 76), ал 94 нысан заңсыз салынғаны анықталып, олардың меншік иелеріне жалпы 250 хаттама толтырылып (Қызылорда қаласы – 37/91, Арал ауданы – 13/30, Қазалы ауданы – 10/30, Қармақшы ауданы – 1/3, Жалағаш ауданы – 6/18, Сырдария ауданы – 11/33, Шиелі ауданы – 6/18, Жаңақорған ауданы – 10/28), 101 776 840 теңге айыппұл салынды.
Әліп Мәди Раманқұлұлы,
Қызылорда облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы басшысының орынбасары
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!