Ақтауда көлік түгі қалмай өртеніп кеткен, – деп хабарлайды Massaget.kz.
9 және 10-шағынаудандар арасындағы жолда көлік өртенген. Оқиға салдарынан әйелдің денесін күйік шалды. Бұл туралы Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Көлік өртенгені туралы хабарлама ТЖД кезекшісінің пультіне 8 шілдеде сағат 17:36-да түскен. Оқиға видеоға түсіп қалды.
Сағат 17:46-да ТЖД күшімен өрт ауыздықталды.
«Өртті сөндіруге Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің техникасы, өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің алты қызметкері жұмылдырылды. Өрттің алдын ала себебі – электр сымдарының қысқа тұйықталуы», – деді ведомство өкілі.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!