Сейсенбі, 11 қараша, 23:19

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№86, (2198)
11.11.2025
PDF мұрағаты

Зейнеткерлерді телефон алаяқтарынан қалай қорғауға болады

11.11.2025

46 0

Фото: gov.kz

«Заң пен тәртіп» қағидаты аясында Нұра ауданындағы Қалалық белсенді ұзақ өмір орталығында интернет-алаяқтыққа қарсы ақпараттық лекция өткізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Спикер ретінде Нұра аудандық киберполиция бөлімінің бастығы, полиция майоры Шахназар Жүнісов сөз сөйледі.

Ол қатысушыларға қазіргі заманғы онлайн-алаяқтық схемаларының қауіптілігін айтып, жеке деректерді қорғау жолдары мен күдікті қоңыраулар немесе хабарламалар кезінде қабылдануы тиіс шараларды түсіндірді.

Киберполиция өкілінің айтуынша, телефон және интернет-алаяқтардың құрбаны көбінесе егде жастағы адамдар болады.

Әдетте 40 жастан асқан азаматтар алаяқтардың әрекеттерінен зардап шегеді. Бұл олардың сенгіштігімен және цифрлық қауіп-қатерлер туралы жеткіліксіз хабардар болуымен байланысты. Сондықтан бізге осындай алдын алу әңгімелерін тұрақты түрде өткізу маңызды, бұл осындай жағдайлардың қаупін төмендетеді. Мұндай кездесулер тек полицияның күшімен ғана емес, әкімдік пен қоғамдық ұйымдардың қолдауымен өткізіледі, ал бұл жұмысты тиімді етеді, – деп атап өтті Шахназар Жүнісов.

Іс-шара ашық диалог форматында өтті: қатысушылар сұрақ қойып, басынан өткен оқиғаларын айтып қана қоймай, практикалық кеңестер алды.

Бүгінгі кездесу өте пайдалы болды. Алаяқтар мен олардың әрекеттері туралы көп нәрсені білмейтінім анықталды. Спикер түсіндірді, тіпті кодты қате берсем де, сонымен тоқтап қалмайды екен, ең бастысы қосымша деректерді бермеу. Енді осындай жағдайларда қалай дұрыс әрекет ету керектігін түсіндім, – деді Гүлжан есімді қатысушысы.

Қорытындысында киберполиция қызметкері: алаяқтық әрекеттер бола қалған жағдайда қорқынышқа берілмеу, жеке деректерді бермеу және дереу полицияға хабарласу маңызды екенін еске салды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: