Бейсенбі, 16 қазан, 14:30

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№78, 2190
14.10.2025
PDF мұрағаты

Зейнеткерлік дәуір жақындап келеді: 2050 жылға дейін қандай қадамдар қажет?

16.10.2025

52 0

Фото: Артём Чурсинов - архив

Сенатор Айнұр Арғынбекова егде азаматтарды қолдау жүйесін құруды ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Елімізде 60 жастан асқан азаматтардың үлесі шамамен 14%-, ал 2050 жылға қарай әрбір бесінші қазақстандықтың жасы зейнеткерлік жастан асады.

Өмір сүру ұзақтығының артуы – қоғам дамуының көрсеткіші, бірақ ол жүрек-қан тамыр аурулары, онкологиялық дерттер, қант диабеті, деменция сияқты созылмалы аурулардың көбеюімен қатар жүреді. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, егде жастағы адамдар денсаулық сақтау жүйесіне негізгі салмақ түсіреді. Барлық медициналық өтініштердің 70%-ға жуығы алғашқы және стационарлық көмекке, шамамен 60%-ы жедел жәрдемге, ал жартысынан астамы дәрілік препараттарды тағайындауға тиесілі, – деді сенатор.

Оның йтуынша, қарт адамдарға ұзақ мерзімді күтім көрсету жүйесін кешенді түрде дамытпайынша, медициналық және әлеуметтік қызметтерге деген қажеттілік ұлғая береді. Әсіресе, ауылдық жерлерде бұл қиындықтар айқын байқалады.

Көптеген қарттар өз мәселелерімен жалғыз қалады. Күндізгі орталықтар жоқтың қасы, мобильді патронаж қызметтері жеткіліксіз дамыған. Әлеуметтік жұмыс мамандары тапшы. Соның салдарынан егде ата-аналарға күтім жасау міндеті толықтай отбасының мойнына жүктеледі. Бұл – күн сайынғы қажырлы еңбек, ол күшті де, уақытты да, сабырды да талап етеді. Көптеген ересек балалар ата-анасына тұруға көмектеседі, дәрілерін уақытында береді, тамақ дайындайды, дәрігерге алып барады, соның салдарынан жұмыс уақытын қысқартып немесе мансаптық мүмкіндіктерінен бас тартады. Бұл – еңбек ресурстарының азаюына, күйзеліс пен денсаулық мәселелерінің көбеюіне әкеледі. Бұл – мыңдаған қазақстандық отбасының көзге көрінбейтін қамқорлық майданы, – деді ол.

Жапония, Германия, Швеция және Оңтүстік Корея сияқты елдерде геронтологиялық орталықтар мен сүйемелдеу қызметтері жұмыс істейді. Олар қарт адамдардың денсаулығын сақтауға және дербестігін арттыруға көмектеседі, ал олардың отбасылары жұмысын жалғастыруға мүмкіндік алады.

Қазақстан да осы бағытпен жүре алады. Қарттарға ұзақ мерзімді күтімді уақтылы ұйымдастыру ауруханаға жатқызу жағдайларын азайтып, созылмалы дерттердің асқынуын төмендетіп, белсенді ұзақ өмір сүруді қамтамасыз етеді.

Медициналық, әлеуметтік және қоғамдық қолдауды біріктіретін бірыңғай ұзақ мерзімді күтім жүйесін құру қажет. Тиісті мемлекеттік органдарға Қазақстан Республикасында геронтологиялық қызмет пен белсенді ұзақ өмір сүруді дамыту жөніндегі кешенді жоспарды әзірлеу мәселесін қарастыру ұсынылады. Кешенді ведомствоаралық тәсіл демографиялық сын-қатерлерді елдің өсу әлеуетіне айналдыруға мүмкіндік береді,-деді сенатор.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: