Жексенбі, 22 желтоқсан, 10:29

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Жәрмеңке аясында 40 адам жұмысқа орналасты

01.02.2023

658 0

«Жұмыс іздеушілерге қолдау»Қызылорда қалалық прокуратурасының бастамасы негізінде құрылған жұмысшы топпен (құрамында: жеке сот орындаушылар, әділет органдары, полиция) қалалық жұмыспен қамту орталығында 27.01.2023ж. қала аумағында жұмыссыз азаматтарды, оның ішінде алиментке борышкер, жұмыссыз жастар, мүгедектігі бар адамдар, және пробация есебінде тұрған азаматтарды жұмыспен қамту мақсатында «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі» өткізілді.

Аталған жәрмеңкеге өңірдегі бос жұмыс орындары бар 26 мекеменің өкілдері қатысты. Жұмыс ұсынушы мекемелермен жәрмеңкеге жұмыс іздеуші ретінде келген адамдарға түрлі санаттағы 112 бос (плотник, сантехник, электрик, көлік жүргізушісі, сән салонына мамандар, шаштараз, тігін шебері т.б.) жұмыс орындары ұсынылды.

Жәрмеңке қорытындысымен алиментке борышкер 40 адамға мекемелерге жұмысқа орналасуға жолдама берілді. Акция нәтижесімен алимент төлеу жүктелген борышкерлерді кәмелетке толмаған балаларының өмірі мен денсаулығына, өсіп өнуіне және әлеуметтік жағдайына аса мән беріп, уақытылы алимент төлеп отыруға шақырамыз.

Қызылорда қаласының прокуратурасы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: