Сейсенбі, 14 қазан, 20:11

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№78, 2190
14.10.2025
PDF мұрағаты

Жәрмеңкеден қалып қоймаңыз!

14.10.2025

112 0

Құрметті Қызылорда қаласының тұрғындары мен қонақтары!

18 қазан күні «Алтын күз» шарасы аясында Қызылорда қаласы мен барлық аудандардың қатысуымен ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылады.

Жәрмеңкеге Қызылорда облысының брендіне айналған ақ күріші, балығы мен ас тұзы, қауынмен қарбызы, ұлттық сусындары және басқа да ауыл шаруашылығы өнімдері жеткізіледі.

Ала жаздай ризық-несібесін жерден терген Сыр диқандарының 1000 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімдері халыққа нарық бағасынан төмен бағада ұсынылатын болады.

Жәрмеңкенің өтетін орны:

Қызылорда қаласы – Сол жағалау (Syr-Darya» коммуналдық базарының алды);

Жалағаш ауданы – Ә. Қашаубаев көшесі мен Жетікөл көшесінің қиылысы («Титов» қыстағы);

Сырдария ауданы – «Тағзым алаңы» (С. Толыбеков көшесі мен Д. Қонаев көшесінің қиылысы);

Арал ауданы – С. Торайғыров көшесінің бойы («Шұғыла» балабақшасының алды);

Қазалы ауданы – Ғ. Мұратбаев пен Қ. Яссауи көшесінің қиылысы («Шұғыла» мөлтек ауданы);

Жаңақорған ауданы – Астана даңғылының бойы (Е. Көшербаев көшесі мен А. Иманов көшесінің аралығы);

Шиелі ауданы – Тасбөгет кенті (Орталық алаңы);

Қармақшы ауданы – И. Журба көшесінің бойы (С. Романов және М. Саламатов көшелерінің қиылысы).

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: