Ақтөбедегі 8 шағын аудандағы көп қабатты тұрғын үйді жағымсыз иіс алып кеткенін көршілері сезіп полицияға хабарласқан. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Полиция пәтерді ашып, ішінен екі мәйітті тапты.
«23 шілдеде Ақтөбе қаласының пәтерлерінің бірінен 75 жастағы әйел мен оның 44 жастағы ұлының мәйіті табылды. Өзге ақпарат жария етілмейді»,-деп хабарлады Ақтөбе облысы полициясының баспасөз қызметі.
Пәтер иесі мұғалім екені белгілі болды, ол ауырып, жалғыз тұрған, ұлы анасына барған.
«Біз полиция шақырдық, шыбындар ұшып, иісі өте жағымсыз еді. Полиция келіп, бәрін қоршап алды, оларды алып кетті»,- деді көршілер.
Фото: diapazon.kz/Аяна Аккызымова
Қазір пәтер мөрленген, есіктерде арнайы бояудың іздері тұр, саусақ іздерін алған болуы керек. Ал көршілер осы пәтерде толықтай дезинфекция жүргізуді сұрап отыр.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!