Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 03:26

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Жайлы инфрақұрылым – жүйелі жұмыстың белгісі

24.11.2023

2528 0

Кез-келген жоба жасалардан бұрын оған инфрақұрылым көзін тарту өте өзекті мәселеге айналады. Себебі, нарықтық жағдайда инфрақұырылым көзін тарту бюджетке үлкен салмақ салады.
Дегенмен, азаматтардың өтініш-тілектерін ескере отырып, соңғы жылдары қаламызда айтарлық жұмыстар бастау алды. Олардың дені аяқталып, ел игілігіне берілді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолдауымен жер-жерде маңызды салалар қарқынды дамып келеді. Бүгінде тұрғындар сұранысын ескере отырып, қаламызда бірқатар ауқымды жобалар бастау алды.
Оның ішінде Түрік инвесторларының құны 215 млрд. теңге болатын жылу орталығының құрылысы, көппәтерлі тұрғын үйлер құрылысы, жаңа әуежай терминалы және қоғамдық бағыттағы жаңа автобустарды атап өтуге болады.
Биылғы жылы көпшілікті таңқалдырған тың шешімдердің бірі – мектеп жанынан қосымша құрылыс нысандарын салу. Қазірде үш ауысымда оқитын мектептер санын азайту үшін жаңа мектеп салумен қатар, бұрынғы білім ордаларының қасына қосымша құрылыс ғимараттары салынды.
Бұл инфрақұрылым бағытында өте оңтайлы, көп шығынды қажет етпейтін жобалардың бірі. Соның негізінде Қызылорда қаласында №2,101,264,3 білім ошақтарының жанынан қосымша оқу ғимараттары салынып, бірінші қыркүйекте ел игілігіне пайдалануға берілді. Құрылыс жұмыстары барасында «AMANAT» партиясы Қызылорда қалалық филиалының Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері аталған нысандардың құрылыс қарқанын назарда ұстап, оның уақтылы әрі сапалы аяқталуына атсалысты. Бүгінде осы әдісті өзге аймақтар да қолдануда.
Айта кетерлік тағы бір жаңалық – қоғамдық көлік қатарының толығуы. Өткен жылы қаламызға 150 жаңа автобус келсе, биылғы жылы да 150 автобус ел игілігіне беріліп, 300 автобус қоғамдық бағыт қатарын толықтыруда. Сонымен қатар, қаланың шет аймақтарына жаңа қоғамдық бағыттар ашылып, көпшіліктің қалауы орындалды.
Осы тұста, шет аймақтарда әлеуметтік нысандарға бару жолы да жеңілдеді. Себебі, елді мекендердегі медициналық пункт, әлеуметтік дүке, мектеп, әкімшілік, балабақша сынды насындарға барар инфрақұрылым жағдайы қалыпқа келіп, көшелер тегістеліп, жарық шамдар орнатылуда. Бұл да инфрақұырылым жүйесін оңтайлы жүргізу әдістерінің бірі.
Осы тұрғыда мүмкіндігі шектеулі азаматтарға да жайлы орта қалыптастыру мақсатында пандустар заңнамаға сәй түзітілуде. Партия тарапынан «Кедергісіз келешек» мониторинг тобы біршама нысандарды аралап, түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.
Ал қаланың сол жағалауында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолайлы орта қалыптастыру мақсатында 7 қабатты 6 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Оның ерекшелегі тұрғын үйлер лифт және пандуспен жарақталмақ. Бұл нысанда «AMANAT» партиясының Жол картасына еніп, фракция отырыстарының күн тәртібінде бірнеше мәрте талқыланды.
Ендігі жақсы жаңалықтың бірі – Қызылорда қаласында ыстық судың орнауы. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Сыр еліне сапары кезінде қаламыздағы өзекті мәселеге баса назар аударып, алдағы екі жылдықта тиісті қаражат көздерін бөлетін болды. Бұл да қызылордалықтар үшін қуанышты жаңалық болды.


Мейрамбек ЕСЖАНОВ
Қызылорда қалалық мәслихатындағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: