Сәрсенбі, 10 қыркүйек, 13:15

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№68, 2181
09.09.2025
PDF мұрағаты

«Жайлы мектептің» шатыры опырылып түсті

10.09.2025

70 0

Фото: "Ақ Жайық"

Атырау облысының Құлсары қаласында салынып жатқан мектептің шатыры жартылай опырылып түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Ақ Жайық»-тың таратқан мәліметі бойынша, төтенше жағдай Атырау шағын ауданында болды. Білім басқармасының мәліметінше, Құлсары қаласындағы мектеп «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынып жатыр, ол 1200 оқушыға есептелген.

Құрылыс аяқталғанға дейін бағдарламаның жауапты әкімшісі Атырау облысының құрылыс басқармасы болып табылады, – деп хабарлады білім басқармасынан.

Апаттың себептері мен шығын көлемі анықталуда.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: