Жұма, 23 қаңтар, 23:50

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№5 (2217)
21.01.2026
PDF мұрағаты

Жалағаш ауданында ауыл шаруашылығы саласы тұрақты дамып келеді

23.01.2026

53 0

Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Жалағаш ауданы экономикасында ауыл шаруашылығы жетекші салалардың бірі. Аймақтың табиғи-климаттық және топырақ ерекшеліктеріне сай ауданда ауыл шаруашылығы негізінен суармалы егіншілікке, оның ішінде күріш өсіруге бейімделген. Мемлекеттік қолдау шаралары мен заманауи агротехнологияларды енгізу нәтижесінде су тапшылығына қарамастан егін және мал шаруашылығы бағыттарында нақты нәтижелерге қол жеткізуде. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Жалағаш ауданының әкімі Ардақ Ибраимов мәлімдеді.

– Бүгінде аудан аумағында 338 ауыл шаруашылығы құрылымы жұмыс істейді. Оның 202-сі егін шаруашылығымен, 136-сы мал шаруашылығымен айналысады. Өткен жылы 209 шаруашылық 36 712 гектар алқапқа егіс орналастырса, оның 19 357 гектары күріш өнімі болды. Су тапшылығына қарамастан, егін жинау жұмыстары толық аяқталып, орташа өнімділік гектарына 60,1 центнерден айналып, 116 331 тонна өнім жиналды. Осы көрсеткіштердің нәтижесінде аудан «Ауыл шаруашылығы саласына инвестиция тарту бойынша озат аудан» атанды. Сонымен қатар, шаруашылықтар өздерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға басымдық беріп 27 жаңа ауыл шаруашылығы техникасын сатып алды. Айта кету керек, биыл аудан бойынша 36 678 гектар алқапқа ауыл шаруашылығы дақылдарын орналастыру жоспарланып отыр. Сондай-ақ, бізде мал шаруашылығы саласы да тұрақты даму үстінде. Қазіргі таңда ауданда 32 687 бас мүйізді ірі қара, 24 231 бас уақ мал, 33 763 бас жылқы, 765 бас түйе және 10 251 бас құс өсірілуде. Бұдан бөлек, жер ресурстарын тиімді пайдалану бағытында пайдаланылмай жатқан немесе заң талаптарын бұза отырып қолданылған жалпы көлемі 11 624 гектарды құрайтын 24 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды. Ал ауыл шаруашылығы мақсатындағы 31 908 гектар жер қайта айналымға енгізіліп, жеке және заңды тұлғаларға берілді, – деді Ардақ Ибраимов.

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: