Жұма, 27 желтоқсан, 04:17

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Жалағаш ауданында жаңа жобалар жүзеге аспақ

02.02.2024

634 0

Сурет: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен Жалағаш ауданының даму жоспары қаралған кеңесте аудан әкімі Ардақ Ибраимов биыл 24 жобаны іске асыруға бюджеттен 3,4 млрд. теңге бағытталғанын атады – деп хабарлайды aqmeshit-aptalygy.kz ақпарат агенттігі Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл қаржыға Ақсу, Шәменов елді мекендері газдандырылып, Мырзабай ахун, Аламесек, Мақпалкөл елді мекендерінің электр желілері қайта жаңғыртылады. Аудандық маңызы бар 3 жол (Таң-Самұрат, Таң-Жаңақоныс, М.Шәменов ауылына кіреберіс) және 3 елді мекеннің 26 көшесі күрделі жөндеуден өткізіледі. Сондай-ақ, Жалағаш кентіндегі 2 көппәтерлі тұрғын үй қайта жаңғыртылады. Мұнан бөлек, Таң ауылындағы мәдениет үйін күрделі жөндеу, 2 әлеуметтік нысанды газға қосу, 3 елді мекенде балалар ойын алаңдарын салу, аудан орталығынан 5 арендалық тұрғын үй сатып алып әлеуметтік жағынан осал топтарға беру жоспарлануда.

Бүгінде жалпы құны 10,2 млрд. теңгені құрайтын 24 жоба әзірленіп, салалық басқармаларға бюджеттік өтінім тапсырылды. Атап айтқанда, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым бойынша 2 жоба, жолдар мен көшелер бойынша 15 жоба, жарықтандыру бойынша 3 жоба, елді мекендерді газдандыру бойынша 2 жоба, кәріз жүйесін жаңғырту және ауыз сумен қамту бойынша 1 жобадан әзірленді.

Аудан әкімі Жалағаш кентіндегі 11 көшені күрделі жөндеуге, Еңбек ауылының 3 көшесін орташа жөндеуге бірінші кезекте қаржы бөлуді сұрады.

Жиында барлық жобалар егжей-тегжейлі талқыланып, тиісті сала басшыларының пікірі тыңдалды. Алдағы уақытта әрбір ұсыныс жеке-жеке қаралып, шешім қабылданатын болады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: