Бейсенбі, 26 желтоқсан, 18:13

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Жалағаш ауданындағы тарихи-мәдени нысандардың аумағы тазартылды

15.04.2024

606 0

Қоршаған ортаны қорғау – әрбір азаматтың басты парызы. Осыған орай, Мемлекет басшысының бастамасымен елімізде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы бастау алды.

Сыр өңірінде де аталмыш бастаманы қолдау мақсатында «Таза Қазақстан – таза аймақ» атауымен игі бастама жалғасын тапты. Аймақ басшысы облыс халқына арнайы үндеу жолдап, экологиялық акцияға белсене қатысуға шақырды. Экологиялық акцияның әр аптасы белгілі бір тақырыптарға арналған болатын. Тиісінше, екінші апта «Киелі мекен» атауымен жалғасып, өңірдегі тарихи-мәдени нысандардың аумағы тазартылатын болады.

Осынау игі шарада Жалағаш ауданындағы киелі нысандардың бірі – Бұқарбай батыр және Ұлы Отан соғысы ескерткішінің аумағы тазартылды. Сонымен қатар, жалағаштықтар кесене аумағына ағаш көшеттерін отырғызып, күл-қоқыстардан тазартты. Бұдан бөлек, аудан аумағында орналасқан тарихи-мәдени ескерткіштер мен музейлер аумағы да толық тазартылды.

Шараға еріктілер, кент тұрғындары, мәдениет және өнер саласының қызметкерлері өз үлестерін қосты.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: