Жалағаш кентіндегі №153 референдум учаскесінде референдумға дауыс беру уақытында басталды.
Ауыл тұрғындарының белсенділігі де жоғары. Референдум учаскесіне келушілердің қатарында ауыл шаруашылығында табысты еңбек етіп келе жатқан, «Мираж» шаруа қожалығының төрағасы Мейрамбек Бақтыбаев та бар.

«Осындай ел тағдыры шешілетін сын сағатта әрбіріміздің дауысымыз маңызды. Сондықтан, елмен бірге мен де келіп, өз таңдауымды жасадым. Бұл референдумның маңызы зор, байыпты бастама. Алдағы уақытта да елімізде тыныштық, тұрақтылық болып, егемендігіміз мәңгі болсын.» – деген шаруашылық төрағасы барлық ауыл тұрғындарының маңызды шарада белсенділік танытуы өңірдегі береке мен бірліктің үлгісі екенін жеткізді.


Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
