Бейсенбі, 26 желтоқсан, 17:04

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Жалағаш кентінде газ тарту жұмысы қарқынды жүруде

26.01.2023

483 0

Бүгінде Жалағаш кентіндегі 2520 тұрғын үй, 9 әлеуметтік нысан мен 108 кәсіпкерлік нысаны орталықтандырылған газ желісіне қосылған. Бұл аудан халқының 39,5 пайызын құрайды. Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Жалағаш ауданының әкімі Асқарбек Есжанов мәлімдеді.

-Ауданға қарасты Ақсу және М.Шәменов елдімекенін газдандыруға жоба-сметалық құжаттар әзірленіп, қаржыландыруға бюджеттік өтінім тапсырылды. Ал Таң, Жаңақоныс, Аққұм, Бұқарбай батыр, Қаракеткен, Далдабай елдімекендеріне газ желісін тартуға жоба- сметалық құжаттары әзірленуде. Ерекше айта кететін жайт, биыл «Ақтерек» учаскесінде жаңа тұрғын ауданының инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымын газбен жабдықтауға республикалық бюджеттен 603 млн. теңге қаржы бөлінді. Сонымен қатар, кент орталығында орналасқан 5 әлеуметтік нысанның қазандықтарын газға ауыстыру бойынша жоба-сметалық құжаттары әзірленіп, оның 4-еуі республикалық бюджеттің нақтылауына ұсынылды, – деп мәлімдеді аудан әкімі Асқарбек Темірбекұлы.@Өңірлік коммуникациялар қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: