Жұма, 22 қараша, 01:57

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№92-2102
19.11.2024
PDF мұрағаты

Жалағашта Қоғамдық кеңес отырысы өтті

25.08.2022

1003 0

 Жалағаш ауданында Қоғамдық кеңесі отырысы болып өтті.

Кеңес отырысына Қоғамдық кеңес мүшелері, аудан әкімінің орынбасары Ж.Еспенбет, арнайы шақырылған сала басшылары және аудандағы мектеп директорлары қатысты. Отырысты кеңес төрағасы О.Ахметов ашып жүргізді.

Күн тәртібіне 3 мәселе ұсынылып қаралды.

Бірінші – Жаңа оқу жылына аудандағы білім ошақтарының дайындығын зерделеу туралы аудан бойынша білім бөлімінің басшысы Т.Садықов хабарлама жасап қойылған сұрақтарға жауап берді. Кеңес мүшелері білім ұйымдарының жаңа оқу жылына дайындығын зерделеу бағытында аудандағы барлық мектептерді аралап, дайындық жұмыстарымен танысқан болатын. Жұмыс барысында анықталған мәселелер мен ой-пікірлерін ортаға салды.

Екінші – Жалағаш ауданы бойынша шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын беру жөніндегі конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің тізбесі мен орналасу схемалары туралы аудандық жер қатынастар бөлімінің басшысы Б.Байболов хабарлама жасап, кеңес мүшелері тарапынан ұсыным берілді.

Күн тәртібіндегі үшінші мәселе – Жалағаш индустриалды-аграрлық колледжінде аудан экономикасына қажетті ауыл шаруашылығы мамандарын даярлаудың барысы және олардың жұмысқа орналасуы туралы колледж директоры Ғ.Серікбаевтың есебі тыңдалып, атқарылып жатқан жұмыстарға оң баға берілді.

Кеңес мүшелерінің ұсынысымен отырысқа арнайы шақырылған аудандық фитосанитария мекемесінің маманы О.Оспанбаев пен кент әкімі М.Жамалатовқа кенттегі талдардың қурап, жапырақтарына құрт түсуіне байланысты қандай зерттеулер жасалып және оларды жоюға қандай шаралар қолданылып жатқандығы туралы сұрақтар қойылып, әлеуметтік желіде, аудандық баспасөзде осы мәселе жөнінде мақалалар жариялап халыққа түсіндіру жөнінде ұсыныс айтылды.

Жалағашта Қоғамдық кеңес отырысы өтті

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: