Аудан орталығындағы №128 референдум учаскесінде Жалағаш аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Құлмахан Қожатай бастаған ардагерлер өз таңдауларын жасады.
Қоғамның түрлі саласында еңбек еткен ардагерлер жаңа Конституцияны қолдайтынын, ел болашағы үшін дауыс беруді азаматтық борышы деп санайтындарын жеткізді. Ардагерлер орта буын мен жастарға жол сілтеуші аға буын өкілдері. Олар еліміздің болашағы жастардың қолында екенін түсіндіре отырып, саяси науқанға жастардың белсенді қатысуы үшін бағыт беруі керек. Жалағаш аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Қожатай Құлмахан өз ойын білдіре отырып, ең бастысы ел бірлігі екенін атап өтті.
-Бүгін міне, Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі референдумға келіп, дауыс беріп тұрмыз. Референдум – халықтың пікірін білудің демократиялық жолы.
Жаңа Конституция – кемел келешегіміздің, біртұтас бірлігіміздің, дербес мемлекеттік даралығымыздың, ұлттық татулығымыздың кепілі болады деп ойлаймын, – деді Қожатай Құлмахан.
Жалағаш кентіндегі №128 референдум учаскесіндегі көпшіліктің қарасы қалың. Жергілікті тұрғындардың барлығы осында өз таңдауын жасауға келуде. Әрине, елдің ертеңі үшін дауыс беруге асыққан ағайынның бұл қадамы өнегелі.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
