Qazaq Air әуе компаниясының ұшқыштары компания басшылығына үндеу жолдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Көлік министрлігінің мәліметінше, ұшқыштар басшылыққа бірнеше талап қойып, өтініш жолдаған.
Талаптардың ішінде: түнгі рейстер үшін төлем тәртібін қайта қарау, командирлер мен екінші ұшқыштардың жалақысын арттыру, сондай-ақ әуеде өткізілген сағаттарға төленетін ақы мөлшерін көбейту бар.
Көлік министрлігі Qazaq Air басшылығынан ұшқыштардың өтінішін қолданыстағы заңнамаға сәйкес қарауды талап етті.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!