Сенбі, 07 маусым, 17:48

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№41 -2154
03.06.2025
PDF мұрағаты

Жалған ақпарат қоғамда адасу мен сенімсіздікке жол ашады

22.05.2025

48 0

Ақпараттық технологиялардың жедел дамуы адамдардың ақпарат алу тәсілін түбегейлі өзгертті. Әсіресе жастар арасында әлеуметтік желілер мен түрлі медиа платформалар арқылы жаңалық тұтыну кеңінен таралған. Бірақ осы мүмкіндіктермен қатар, үлкен қауіп – фейк жаңалықтар мәселесі де бірге келді. Бұл жалған ақпараттар тек сенімді бұрмалап қана қоймай, қоғамда адасу мен сенімсіздікке жол ашады.

Фейк жаңалықтар – шындыққа жанаспайтын, жалған немесе әдейі бұрмаланған ақпараттар. Олардың мақсаты – адамдардың пікірін өзгерту, эмоциясына әсер ету, не белгілі бір мүддеге қызмет ету. Мысалы, “Қызылорда қаласында жұқпалы ауру тарап жатыр” деген секілді. Жастар фейк ақпаратқа сеніп қалады. Себебі олар жаңалықты көбіне TikTok, Instagram сияқты платформалардан алады, ал бұл ортада ақпараттың шынайылығын тексеру қиын.

Фейк жаңалықтар жастардың қорқыныш, үрей немесе ашу сезімдерін тудырып, қоғамда жалған пікір қалыптастыруы мүмкін. Фейк жаңалықтардың негізгі таралу себебі ақпарат ағыны тым көп, ал адамдар оны саралап үлгермейді. Сонымен қатар медиа сауаттылықтың төмендігі де жалған ақпараттың кең таралуына әсер етеді. Көп жағдайда жастар ақпаратты тек тақырыбына қарап, ішкі мазмұнын оқымай бөлісіп жатады.

Сондай-ақ фейк жаңалықтар этносаралық, діни немесе саяси қақтығыстардың туындауына да себеп болуы ықтимал.

Бұл мәселемен күресудің ең тиімді жолы — медиа сауаттылықты арттыру. Мектептер мен университеттерде ақпаратты сараптау, дереккөзді тексеру, жалған мен шындықты ажырату дағдыларын үйрету қажет. Сонымен қатар, жастар арасында сенімді медиа платформаларды насихаттау, фактчек ресурстарын қолдануды үйрету маңызды.

Фейк жаңалықтармен күрес — тек мемлекет пен БАҚ-тың емес, әрбір жастың жауапкершілігі. Егер олар ақпаратты сын көзбен қабылдап, тексеруді үйренсе, қоғамымыз әлдеқайда қауіпсіз әрі сауатты болмақ.

Маман Сымбат,

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің

Журналистика мамандығының 1-курс студенті

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: