Сәрсенбі, 25 желтоқсан, 19:29

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

«Жалғыз қалудан қорықпаймын»: Фариза Ескермес 

11.08.2023

880 0

Көпшілікті Андрей есімді күйеу жігітімен таныстырнған отандық әнші, актриса Фариза Ескермес оқырманның жеке өміріне қатысты қойған сауалдарына жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Актрисаның оқырманы Фаризаның қашан тұрмыс құрғалы жатқанын білгісі келеді.

“Мұндай сұрақ қойылмау керек негізі. Бұйырған күні шығармыз. Бұйырмаса, жалғыз қалудан қорыққан емеспін. Дәл қазір бақыттымын”, – деп жауап берді.

Сондай-ақ өнер иесі қыз-келіншектерге кеңес беріп, арманындағы жігітті қалай кездестіруге болатынын айтты. 

“Әрдайым қателесу керек. Қателік бар жерде ой түйесің, жақсы жаққа өзгересің. Өмірден таяқ жеген сайын “апгрейд”  болады. Бірақ қате екенін біле тұра жасамасаңыз болды. Жігітке байланысты, достар, мына өмірде ешкімнің тағдыры бір-біріне ұқсамайды. Жолыққан кезде кездесесіздер. Ешкімді күтпей өмір сүріңіздер. Өмірден ләззат алыңдар”, – деп жазды Фариза Ескермес.

"Жалғыз қалудан қорықпаймын": Фариза Ескермес 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: