Сенбі, 17 мамыр, 22:21

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№36,2149
17.05.2025
PDF мұрағаты

Жамбыл облысында түнде болған жер сілкінісі видеоға түсіп қалған

28.03.2025

372 0

Фото: Видеодан скрин

Әлеуметтік желіде Қазақстанның оңтүстік аймағында түнде болған жер сілкінісінің видеолары тарап жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Видеода Жамбыл облысының Меркі ауылында болған жер сілкінісінің сәті мен оның салдары көрсетілген. Сейсмологтардың мәліметінше, дүмпулер дәл осы елді мекенде ең қатты сезілген.

Жамбыл облысындағы жер сілкінісі салдарынан Қарақыстақ ауылындағы Мәдениет үйінің қабырғасында, Меркі аудандық ауруханасы мен Ойтал ауылындағы мектеп ғимараттарында жарықтар пайда болған. Қазір жағдайды облыстық жедел штаб зерттеп жатыр. Ал зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: