Меркі аудандық соты бірнеше рет ірі көлемде алаяқтық жасады деп айыпталған әйелге қатысты қылмыстық істі қарады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
2024 жылы айыпталушы материалдық пайда табу мақсатында туыстары мен таныстарын алдап, олардың жеке деректері мен фотоларын жинаған. Мобильді қосымшалар арқылы олардың атына несие рәсімдеген. Алынған қаржының бір бөлігін «үлес» ретінде қайтарып отырған, қалғанын жеке қажетіне жұмсаған.
Салдарынан 5 жәбірленушіге 22 млн теңгеден астам шығын келген.
Сот үкімімен әйел ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігінің 1, 4)-тармақтары бойынша кінәлі деп танылып, оған 4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. «Рақымшылық жасау туралы» Заңды қолдана отырып, жазаның мөлшері 1/3 бөлікке қысқартылды, осылайша сотталушыға 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. 2 жас баласының болуына байланысты жазаны өтеу 3 жылға кейінге қалдырылды. Жәбірленушілердің азаматтық талап қоюлары ішінара қанағаттандырылып, әйелден 14,3 млн теңге өндірілді, – деп хабарлады Меркі аудандық сотының баспасөз қызметі.
Үкім заңды күшіне енді.
Еске салайық, бұған дейін жалған құжат жасатқан мемлекеттік қызметшінің ісі әшкере болды.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!