Бейсенбі, 26 желтоқсан, 10:46

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Жанар-жағармай жеткілікті ме?

09.09.2022

993 0

Тамыз айынан бастап Қазақстан Республикасы Энергетика Министрлігінің бұйрығымен жанар-жағармайға шекті баға белгілеудің жаңа тәртібі енгізілді. Жүргізуші куәлігі бар азаматтарға тәулігіне жеңіл автокөлікке 100 литр, жүк көліктері мен автобустарға 300 литрге дейінгі көлемде 230 теңгеден алуларына болады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды.

– Жергілікті кәсіпкерлердің жанар май сату бекеттерінде дизель отынының жетіспеушілігіне байланысты қажеттілікті қамтамасыз ету үшін Энергетика Министрлігі және мұнай өңдеу зауыттарымен тығыз байланыста жұмыс қолға алынды. Жыл аяғына дейін жанар-жағар майдың қажетті көлемі нақтыланып қажеттіліктерді уақытылы қамтамасыз ету жұмыстары жасалуда. Айта кету керек дизель отыны бойынша жетіспеушіліктің басты себебі –  ресурс ұстаушы ТОО «PetroSun»  тарапынан жеңілдетілген бағамен дизель отынын босату кезінде жергілікті операторлардың сұранысы толық емес көлемде өтелуі болып отыр. Ресурс ұстаушы дизель отынын кәсіпкерге тиесілі жанар май құю бекеттерінің саны бойынша бөлетіндігі белгілі. Сол себепті аудандарда, шалғай елді мекендерде мұнай өнімдерімен қамтамасыз ететін жергілікті кәсіпкерлер жанар май құю бекеттерінің жалпы саны аз болғандықтан дизель отыны қорынан тысқары қалып келеді. Мәселен, өңірдегі ірі желілік (ТОО «Sinooil», ТОО «Petro Retail», ТОО «Helios» т.б.) өткізушілерден бөлек жергілікті операторлардың сұраныс берген 6610 тоннасының 747-сі немесе небәрі 11 проценті қанағаттандырылған. Қызылорда облысында 125 жанар-жағармай бекеті жұмыс жасайды. Оның ішінде 37 кәсіпкерлік субъектісі, 12 мұнай базасы бар. Сондай-ақ ірі май құю бекеттері 30 процент болса, қалған 70 проценті жергілікті операторлар. Өңірде жұмыс жасайтын ірі көлемдегі бөлшек сауда жеткізушілері
(ТОО «Sinooil», ТОО «Petro Retail», ТОО «Helios» т.б.)  тиесілі 40 бекеттерінің негізгі бөлігі Қызылорда қаласында және Батыс Еуропа – Батыс Қытай автомагистралінде орналасқан. Дизель отыны жетіспеушілігі салдарынан облыста 27 жанар-жағармай құю бекетінде қор таусылып тұр. Қалған бекеттерде шектеулі мөлшермен қолма қол ақшаға немесе талонға босатылуда. Қазіргі уақытта Үкімет тарапынан қабылданған жедел шаралардың нәтижесінде  жағдай тұрақталып келеді. Тамыз айынан бері облысқа 9183 тонна дизель отыны жеткізілген, – дейді облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының орынбасары Фердоуси Әбілқасымұлы.

Облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Ералыұлының айтуынша, облыста сұйытылған мұнай газын электрондық сауда алаңдарынан тыс жеткізуге арналған жоспарға сәйкес 7 351 тонна сұйытылған мұнай газ бөлінді. Сонымен қатар, тамыз айына «ҚазГерМұнай» БК» ЖШС қосымша 234 тонна бөлініп отыр. «Атырау «НПЗ» мен «СНПС Ақтөбеймұнайгаз» ЖШС жөндеу жұмыстары тоқтауына байланысты жалпы республика бойынша бөлінетін сұйытылған мұнай газ көлемі қысқартылды. Осыған байланысты, қыркүйек айына 6 480 тонна бөлінді. Оның 5 134 тоннасы «ҚазГерМұнай» БК» ЖШС, 1 046 тоннасы – «СНПС Ақтөбемұнайгаз» ЖШС, 300 тоннасы – «Саутс Ойл» ЖШС тиесілі. Қазіргі уақытта «ҚазГерМұнай» БК» ЖШС бекітілген кесте бойынша сұйытылған мұнай газы жеткізілуде. Тамыз айының соңы мен қыркүйек айының басында «Қызылорда Мұнай Өнімдері» ЖШС мен «Автогаз Трейд» ЖШС автогаз құю станцияларында сұйытылған мұнай газының тапшылығы орын алып, шектеулер енгізілген болатын. Қазіргі таңда барлық шектеулер алынып, ҚР бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің бұйрығына сәйкес өңірімізде сұйытылған мұнай газ бағасы 60 теңгеден сатылуда.

Тұрар ЖӨКЕБАЙ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: