Бейсенбі, 26 желтоқсан, 05:59

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Жанар-жағармайға мұқтаж шаруалардың деректер базасы құрылмақ

10.04.2023

562 0

Үкімет басшысы Әлихан Смайылов жеңілдікпен берілетін дизель отынын бөлуді ерекше бақылауда ұстау керектігін ескертті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ауыл шаруашылығы министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен және өңір әкімдіктерімен бірлесіп, көктемгі егіске дайындық жұмысты күшейту қажет. Жеңілдікпен берілетін дизель отынын бөлу де ерекше бақылауда болуы тиіс. Алып-сату және қолдан жасалатын тапшылыққа жол бермеу керек. Бөлінген дизельді басқа жаққа жасырын сататын операторларға барынша қатаң шара қолдану керек», – деді Әлихан Смайылов Үкімет отырысында.

«Өңірлер бойынша егістік жерлердің жалпы ауданы және жанар-жағармайға қажеттілігі бар шаруалардың деректер базасын құру қажет», – дейді ол.

Бұған дейін Премьер-Министр егіс алқаптарына тыңайтқыштың жеткілікті себілмеуінен 10 млн тонна бидайдан айрылып отырғанымызды айтқан еді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: