Екібастұзда жанармай құю бекетінде болған өрт салдарынан 17 жастағы жасөспірім қаза тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жас жігіттің денесі жанармай құю станциясының цистернасының жанынан табылды. Марқұмның жеке басы анықталуда.
«26 шілдеде сағат 13:24-те Екібастұз қаласы Қонаев көшесі, 5-үйдің жанармай құю бекетінде төрт газ цистернасы жарылып, 40-қа жуық газ баллоны өртенді. Сағат 15:22-де су қоймасының жанынан жас жігіттің денесі табылды. Жеке тұлға анықталып жатыр», – деп хабарлады сәрсенбі күні Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаментінен.
Еске сала кетейік, бұған дейін Екібастұзда жанармай құю бекеті өртке оранғаны туралы жазған едік.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!