Сәрсенбі, 15 қаңтар, 03:26

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№3-2116
14.01.2025
PDF мұрағаты

Жаңа Әділет министрі ант берді

14.01.2025

145 0

фото: скрин

Жаңа тағайындалған Әділет министрі Ерлан Сәрсенбаев ант берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бүгін Үкімет отырысы жаңа тағайындалған Әділет министірінің антымен басталды.

Қазақстан халқы мен президенті алдында өз Отаным – Қазақстанның экономикалық және рухани даму ісіне барлық күш-жігерім мен білімімді жұмсауға, мемлекеттің Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, өзімнің барлық іс әрекетімде заңдылық пен әділеттілік, азаматтық, ұлтаралық және конфессияаралық татулық принциптерін ұстануға, Қазақстан халқына адал қызмет етуге, өз елімнің мемлекеттілігі мен дүниежүзілік қоғамдастықтағы беделін нығайта беруге салтанатты түрде ант етемін, – дейді Сәрсенбаев Үкімет отырысында.

Еске салайық, өткен аптада Әділет министрі Азамат Есқараев қызметінен босатылды. Оның орнына Ерлан Жақсылықұлы Сәрсенбаев тағайындалды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: