Жұма, 28 қараша, 12:51

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№90 (2202)
25.11.2025
PDF мұрағаты

Жаңа банкнотты дүкен де, банкомат та қабылдамайды

28.11.2025

43 0

Фото: Tengrinews.kz

Әлеуметтік желілерде қазақстандықтың 1000 теңгелік мерейтойлық банкнотты банкомат қабылдамағаны туралы жазбасы тарады. Оқиғаға қатысты Ұлттық банк пікір білдірді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Желі қолданушысы Threads-та жариялаған жазбасында 1000 теңгені дүкен де, белгілі банктің банкоматы да қабылдамағанын айтқан.

Әңгіме болып отырған банкнот 2025 жылдың 9 мамырында Ұлы жеңістің 80 жылдығына орай шығарылған. Наминалы 1000 теңгелік банкноттың тиражы – 5 миллион дана.

Біз Ұлттық банктің баспасөз қызметіне пікір алу үшін хабарластық және мәселенің техникаға байланысты болуы мүмкін екенін анықтадық.

«Банктер мен төлем ұйымдары жаңа банкноттарды қабылдау немесе беру үшін техникаларын бірнеше аптадан бірнеше айға дейін бейімдейді. Мәселе осыған байланысты болуы мүмкін. Бұл банкоматтың бағдарламасы мерейтойлық банкнотты қабылдауға әлі жаңартылмаған болуы мүмкін», – деді Ұлттық банк өкілдері.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: