Жексенбі, 24 қараша, 17:24

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Жаңа ғасыр жастары білімді болу керек

26.12.2020

1009 0

Ғасырлардан көш тартқан қазақ елі қашанда ілім, білімге көп зер салған. Әрісі молдадан хат танып, берісі қазақ зиялыларының көрсеткен бағыт-бағдарымен бүгінгі тәуелсіздігімізге табан тіреді. Осы тұста енді жаңа тәуелсіз елдің ұрпақтары қандай болу керек деген заңды сұрақ туындайды. Шынында енді біздің алдымыздаосы атадан балаға мирас болып келе жатқан қасиетті жолды һәм ұстанымды жас ұрпақтың бойына сіңіру мәселесі тұр.
ХХІ ғасыр – жаңа технологиялардың ғасыры. Барлық сабақ үдерістерін технологиялардың қатысуынсыз елестету өте қиын. Сондықтан, тілді оқытуда бірінші кезекте заманауи құрал-жабдықтардың пайдаланылатындығын айтуымыз керек. Одан кейінгісі әрине оны пайдалану үшін шет тілін жетік меңгеру мәселесі. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Мен бүгінгі ұрпақтың үш тіл білуін қолдаймын. Мемлекеттік тіл –мемлекетті құрушы ұлттың тілі, ал орыс тілін білу – ұлы байлық. Ағылшын тілі ілгерілеушілік пен технологиялардың тілі болғандықтан біз оны үйренуге тиіспіз» деді. Яғни, Елбасы келешек заманның кілті көп тіл білу мен керекті мамандыққа еркін қол жеткізу мүмкіндігінде екендігін болжап отыр. Бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына кіру үшін еліміздің индустрия, ғылым салаларын дамытуға бар күшімізді салуымыз қажет. Бұл орайда, жас ұрпақтың ағылшын тілін меңгеріп, мектеп  қабырғасынан-ақ әлемдік ғылым-білімнің тілін іс жүзінде қолдана алатындай даяр маман болып шығуы үлкен жетістік. Бұдан бөлек те білім саласында қажеттіліктер көп, алайда шет тілін меңгеру қазіргі заманның негізгі сұранысы. Енді мектеп табалдырығынан аттаған баланың саламатты өмір салтын ұстануына келейік.
Жас ұрпақтың білімді болуы, саламатты өмір салтын ұстанып, ел үшін еңбек етуі қай заманда да сұранысқа ие. Сол үшін жоғарыда айтылған дүниенің барлығын жас ұрпақтың санасына сіңіріп, ұрпақтар сабақтастығына ұласатындай қылу керек. Ал мұның барлығы жастардың бойынан табылғанда елдігімізге, тіл мен дінімізге, әдебиетіміз бен мәдениетімізге қауіп төнбейді.


Мира НҰРҒАЗЫҚЫЗЫ,
№11 мектеп-лицейдің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі,
Қызылорда қаласы.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: