Бейсенбі, 26 маусым, 15:26

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№46,2159
24.06.2025
PDF мұрағаты

Жаңа iPhone 17 Pro-ның фотолары көрсетілді

26.06.2025

80 0

Фото: Х әлеуметтік желі

X әлеуметтік желісінде iPhone 17 Pro смартфонының алғашқы фотолары көрсетілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

24 маусымда инсайдер Маджин Бу iPhone 17 Pro фотоларын жариялады. iPhone 17-нің камерасы өзгерген, бұл Apple смартфонының дизайнын жаңартқанын анық көрсетеді.

Енді ескі iPhone телефондарының чехолдары iPhone 17 Pro-ға жарамайды.

Apple жарқылы мен LiDAR датчигін қарама-қарсы жаққа жылжытты. 

Алдын ала мәлімет бойынша, iPhone 17 Pro камерасының өзі де өзгереді. Apple жаңа 48 МП фото объективін енгізбек. Ал видео түсіру кезінде режимдерді ауыстыру функциясы және 24 МП алдыңғы камераны орнатуды жоспарлап отыр.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: