Дүйсенбі, 02 наурыз, 20:21

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№16 (2228)
28.02.2026
PDF мұрағаты

Жаңа Конституция – білім беру жүйесін ілгерілетудің негізі

02.03.2026

37 0

Фото: Келешек мектебі

Қызылорда қаласындағы «Келешек мектебінде» «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясы өкілдерінің қатысуымен жаңа Конституция жобасын таныстыруға арналған кездесу өтті. Жиынға мектеп педагогтары мен қызметкерлері қатысып, 2026 жылғы 15 наурызда өтетін республикалық референдумға қатысты ақпарат тыңдады.

Жаңа Конституция – білім беру жүйесін ілгерілетудің негізі

Кездесуге коалиция мүшелері Гүлшат Мұсаева, Дәурен Сейтжанов, Мұрат Жұмаділдаев, Талғат Телеубаев және Берік Шайнұров қатысты. Олар жаңа Конституция жобасының негізгі қағидаттары мен мақсаттарын түсіндіріп, білім беру жүйесіне қатысты өзгерістерге назар аударды.

Гүлшат Мұсаева өз сөзінде:

«Жаңа Конституция жобасының негізгі идеясы – адам құқықтары мен қадір-қасиетіне бағытталған. Білім беру – осы қағидатты жүзеге асыратын басты институттардың бірі. Мектептерде сапалы білім беру арқылы елдің интеллектуалдық әлеуеті қалыптасады», – деді.

Жаңа Конституция – білім беру жүйесін ілгерілетудің негізі

«Respublica» партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Дәурен Сейтжанов адами капиталға мән берілгенін атап өтіп, білім сапасын арттыруға арналған нормаларды түсіндірді. Заңдарға кері күш беруге тыйым салу құқықтық тұрақтылықты қамтамасыз етеді, бұл педагогтарға сенімді жоспар құруға мүмкіндік береді.

Коалиция мүшесі Мұрат Жұмаділдаев ұлттық бірегейлік пен мемлекеттік тұтастыққа тоқталып, зайырлылық қағидаты білім беру саласының бейтараптығын сақтауға көмектесетінін тілге тиек етті.

Жаңа Конституция – білім беру жүйесін ілгерілетудің негізі

«Қазақстан Халық партиясы» Қызылорда облыстық филиалының мүшесі Талғат Телеубаев цифрлық қауіпсіздік пен жеке деректерді қорғауға қатысты нормаларды түсіндірді. Кінәсіздік презумпциясы мен әділ сот қағидаттарының күшеюі құқықтық мәдениетті арттырады деді.

Коалиция мүшесі Берік Шайнұров Конституция жобасының кең қоғамдық талқылау негізінде әзірленгенін айтып, халықтың ұсыныстары ескерілгенін атап өтті.

Жиында мектеп ұжымы жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттарымен танысып, толғандырған сауалдарына жауап алды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: