Дүйсенбі, 02 наурыз, 18:31

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№16 (2228)
28.02.2026
PDF мұрағаты

Жаңа Конституция – ел дамуының кепілі: «KAP Logistics» ЖШС ұжымымен кездесу

02.03.2026

59 0

Фото: «KAP Logistics» ЖШС

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» коалициясының аумақтық мүшелері Мұрат Тұрабаев, Қабілеш Бекішев, Жібек Баймұратова, Даурен Досмағанбетов, Қанат Жүсіпов және Гүлнара Тымбаулиева «KAP Logistics» ЖШС қызметкерлерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында коалиция мүшелері еңбек ұжымымен пікір алмасып, Қазақстан Республикасының жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары мен мазмұны туралы кеңінен ақпарат берді. Сондай-ақ жаңа Конституция жобасының елдің саяси жүйесін жаңғыртуға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтуге, әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз етуге және мемлекет пен қоғам арасындағы жауапкершілікті арттыруға бағытталғаны айтылды.

Жиында сөз алған коалиция мүшелері Конституциялық реформаның маңыздылығына тоқталып, бұл құжат Қазақстанның тұрақты дамуына, құқықтық мемлекет қағидаттарын нығайтуға және қоғамдық келісімді одан әрі дамытуға мүмкіндік беретінін атап өтті. Сонымен қатар азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру және қоғамдағы ашықтық пен әділдікті қамтамасыз ету мәселелері жаңа Конституция жобасында кеңінен қамтылғаны түсіндірілді.
Кездесуде «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» коалициясының аумақтық жетекшісі Мұрат Тұрабаев жаңа Конституция жобасының елдің саяси және құқықтық жүйесін жетілдіруге бағытталған маңызды құжат екенін атап өтті. Оның айтуынша, жаңа Конституция жобасы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтіп, әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз етуге және мемлекет басқару жүйесінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ бұл құжат қоғам мен мемлекет арасындағы жауапкершілікті арттырып, елдің тұрақты дамуына берік негіз қалайды. Мұрат Өскенбайұлы өз сөзінде жаңа Конституция жобасы халықтың талап-тілектері мен ұсыныстарын ескере отырып әзірленгенін айтып, алдағы республикалық референдумға белсенді қатысу әрбір азаматтың азаматтық жауапкершілігі екенін жеткізді. Сонымен қатар ол жаңа Конституция Қазақстанның демократиялық даму жолын нығайтып, құқықтық мемлекет қағидаттарын одан әрі жетілдіруге ықпал ететінін атап өтті.

Шара соңында «KAP Logistics» ЖШС қызметкерлері өз пікірлерін білдіріп, ұсыныстарын ортаға салды. Кездесу ашық диалог форматында өтіп, коалиция мүшелері тарапынан қойылған сұрақтарға жан-жақты жауап берілді. Сонымен қатар қатысушылар ел болашағы үшін маңызды саяси науқанға белсенді қатысу қажеттігін атап өтті.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: