Бейсенбі, 05 ақпан, 00:02

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№9 (2221)
03.02.2026
PDF мұрағаты

Жаңа Конституция – отбасылық құндылықтардың кепілі

04.02.2026

53 0

Фото: Қызылорда қаласының әкімдігі

Отбасын қолдау орталығында осы тақырыпта семинар өткізілді. Басқосудың негізгі мақсаты – жаңа Конституциядағы отбасы құндылықтарын сақтау, бала құқығын қорғау және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу тетіктерін түсіндіру.

Жиында «Қоғамдық келісім» КММ директорының орынбасары Дәулет Омаров мемлекет пен қоғамның ортақ жауапкершілігіне тоқталды. Ал, қалалық полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімінің отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес қызметі бөлімшесінің бастығы Айгерім Ерболат отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрестің заңнамалық өзгерістермен бөлісті.

Сондай-ақ, «Отбасын қолдау орталығы» КММ директоры Гүлнар Сексенбаева отбасыларға көрсетілетін әлеуметтік және психологиялық көмек түрлері туралы баяндады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: