Дүйсенбі, 16 ақпан, 23:00

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№12 (2224)
14.02.2026
PDF мұрағаты

Жаңа конституция жобасы түсіндірілді

16.02.2026

57 0

Фото: Қызылорда қаласының әкімдігі

Қалалық орталық кітапханада Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасына арналған ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті.

Іс-шараға қалалық Қоғамдық кеңес мүшесі, айтыскер ақын Нұрмат Мансұр және қалалық орталық кітапхана директоры Гүлмира Рахметова қатысып, Конституциялық реформаның маңызы мен оның негізгі бағыттарын түсіндірді. Кездесу барысында Мемлекет Басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан бұл өзгерістердің елдің саяси жаңғыруындағы маңызды кезең екені атап өтілді.

Сонымен қатар, Конституциялық комиссияның жұмысы, жаңа Конституция жобасының негізгі ережелері, азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейту, заң үстемдігін қамтамасыз ету және мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру мәселелері кеңінен баяндалды.

Шара барысында қатысушылар өз сауалдарын қойып, пікір алмасты. Мұндай түсіндіру кездесулері қоғамның құқықтық сауаттылығын арттырып, жүргізіліп жатқан реформалардың мәнін терең түсінуге мүмкіндік береді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: