Дүйсенбі, 16 ақпан, 15:25

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№12 (2224)
14.02.2026
PDF мұрағаты

Жаңа Конституцияның мазмұны кәсіби ортада сараланды

16.02.2026

63 0


Қызылорда қаласында өңірлік коалиция өкілдері Қуат Шарабадинов, Гүлстан Мақсутова, Әбдіғабит Әбләзім, Талғат Телеубаев және Динара Ибадуллаева Ұлттық сараптама орталығы Қызылорда филиалының ұжымымен кездесті. Жиын барысында Конституция жобасында ұсынылған өзгерістердің мазмұны мен құқықтық тетіктері кәсіби ортада талқыланды.

Жаңа Конституцияның мазмұны кәсіби ортада сараланды


Коалиция мүшелері жаңа редакцияда заң үстемдігін күшейтуге, мемлекеттік институттардың жауапкершілігін нақтылауға және азаматтардың құқықтарын қорғау кепілдіктерін кеңейтуге басымдық берілгенін атап өтті.
Талғат Телеубаев өз сөзінде цифрлық технолгияларды қолдану, сот және құқық қорғау жүйесіне қатысты нормалардың маңызын айтты.

Жаңа Конституцияның мазмұны кәсіби ортада сараланды


«Сараптама саласының жұмысы көбіне сот процестерімен, тергеу әрекеттерімен тығыз байланысты. Жаңа Конституция жобасында заң үстемдігін күшейту, әділ сот төрелігіне кепілдік беру қағидаттары нақтыланған. Бұл – сарапшылар қызметінің тәуелсіздігі мен кәсіби жауапкершілігін арттыруға құқықтық негіз қалыптастырады», – деді ол.

Жаңа Конституцияның мазмұны кәсіби ортада сараланды


Колиция мүшесі Динара Ибадуллаева әрбір құқықтық шешім ғылыми негізделген сараптамаға сүйенуі тиістігін тілге тиек етіп, жаңа Конституция жобасында адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау, нормаларының күшейтілгенін, сонымен қатар неке және отбасы нормаларына қатысты пікірін жеткізді.
Өз кезегінде сөз алған Коалиция мүшесі, денсаулық саласының өкілі Әбдіғабит Әбләзім әлеуметтік құқықтар блогына ерекше назар аударды.

Жаңа Конституцияның мазмұны кәсіби ортада сараланды


«Жаңа Конституция жобасында адам құқықтары мен әлеуметтік кепілдіктерді қорғау қағидаттары айқындалған. Денсаулық сақтау саласына қатысты нормада азаматтардың денсаулығын сақтауға құқығы нақты бекітіледі», – деді ол.

Жаңа Конституцияның мазмұны кәсіби ортада сараланды


Оның айтуынша, жоба аясында азаматтарға заңда белгіленген тәртіппен тегін медициналық көмек алу құқығы және мемлекеттік әрі жеке медициналық ұйымдарда ақылы қызмет алу мүмкіндігі қарастырылған.
Кездесу барысында сала өкілдері де Конституциялық өзгерістердің құқықтық сараптама, дәлелдемелік база және институционалдық тәуелсіздік мәселелеріне ықпалы жөнінде ойларын ортаға салып, Ата заң жобасының халықтық референдумға ұсынылуы орынды деп қабылдады.

Жаңа Конституцияның мазмұны кәсіби ортада сараланды

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: