Сейсенбі, 29 шiлде, 20:57

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№ 56, 2169
29.07.2025
PDF мұрағаты

Жаңа мамандық түрлері пайда болды

29.07.2025

100 0

Фото: Жасанды интеллект

Қазақстанда 75 жаңа мамандық пайда болды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жаңа мамандықтар атласында Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі жетекшілік ететін салалар бойынша 75 жаңа мамандық бар. Бұл туралы Үкімет отырысында вице-министр Иран Шархан мәлімдеді.

«Металлургия және тау-кен өндірісі саласында смарт жүйелерді әзірлеуші, роботтандырылған тау техникасының операторы, машина жасау саласында виртуалды прототиптеуші маманы, құрылыста Big Data талдаушысы, «Ақылды үй» жобалаушысы сияқты жаңа мамандықтар пайда болды. Сонымен қатар, бизнес процестерді автоматтандыруға байланысты 40-тан аса мамандық өзгеріске ұшырады», – деді Иран Шархан.

Биыл машина жасау саласында тағы 8 жаңа мамандық пайда болатыны айтылды. Олардың қатарында 3D басып шығару және дәнекерлеу инженері, роботтандырылған бояу жүйелерінің операторы бар. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: