Жұма, 22 қараша, 16:06

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№92-2102
19.11.2024
PDF мұрағаты

Жаңа мектептегі алғашқы қоңырау

02.09.2022

1370 0

1-қыркүйек күні еліміздің барлық мектептерінде алғашқы қоңырау салтанаты өткізілді. Білім күніне орай қаламызда жаңа мектеп оқушыларға есігін айқара ашты.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Серік Қожаниязов пен облыстық білім бас­қармасының басшысы Мейрамбек Шермағанбет «Orda School» жеке мектебінің ашылу салтанатына қатысты.

Жаңа мектептегі алғашқы қоңырау

– Баршаңызды 1 қыркүйек – білім күні­мен шын жүректен құттықтаймын! Облыс көлемінде оқушылар саны өткен жылмен салыстырғанда бес мыңға артып, алғаш мек­теп табалдырығын 18 мыңға жуық бүл­діршін аттап отыр. Осы орайда аймақта мектептер желісі жылдан-жылға көбейіп келеді. Соның бірі – жаңадан ашылып жатқан «Orda School» жеке мектебі. Бұл білім ордасының перспективасы зор деп білеміз. Себебі жеке инвестиция есебінен салынған мектеп жан басына шаққандағы қаржыландыру есебінен жүзеге асатын нәтижелі жобаның бірі. Әрбір ата-ана бала­сының заманауи ғимаратта оқып, білімді болғанын қалайды. Бүгін, міне, осы білім ордасының табалдырығын 300-ден аса бала аттап отыр. Балаларымыздың болашағы зор болсын, – деді облыс әкімінің орынбасары.

Жаңа мектептегі алғашқы қоңырау

Жаңа мектептің лентасын облыс әкімінің бірінші орын­басары ата-аналар коми­тетінің төрайымы және ардагер ұстаздар қиды. Олар мектеп фойесінде оқушы­лармен кез­десіп, оқу ошағының материалдық-тех­никалық база­сы­мен таныс­ты. Мектеп заманауи үлгіде салынған. 

– Жаңа ғимараттың аумағы 4000 шаршы метрді құрайды. 400 орындық білім ұясында 33 оқу кабинеті, денешынықтыру, акт зал­дары бар. 33 білікті педагог сабақ беретін оқу ордасында 1-9 сынып аралығындағы 300-ден аса оқушы тегін білім алатын болады, – деді мектеп директоры Рауаш Алиқызы

Биыл аймақта 6 жаңа мектеп пайдалануға беріледі. Жаңа оқу жылының қарсаңында 3 жаңа мектеп ашылса, жыл соңына дейін 5 мемлекеттік және 1 жеке мектепті пайда­лануға беру жоспарланып отыр. Мұнан бөлек, бірнеше жылдан бері жөндеуді қажет еткен 6 білім беру нысаны жаңарып, жөндеу жүргізілуде.

А.АЙТЖАН

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: