Бүгін Қызылорда қаласында ҚР Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов пен облыс әкімінің бірінші орынбасары Данияр Жаналиновтың қатысуымен кеңейтілген кездесу өтті.


Кездесуде 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енетін жаңа Салық кодексінің негізгі бағыттары таныстырылды.

Жиынға министрліктер мен жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, мәслихат депутаттары, кәсіпкерлер мен қоғам белсенділері қатысты.

Кездесу барысында салық саясатын жетілдіру, бизнесті дамытуға қолайлы жағдай жасау, әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов жаңа Кодекстегі басты өзгерістерге тоқталып, салық есептілігін қысқарту, әкімшілендіруді жеңілдету, салық түрлерін азайту және инвестициялық белсенділікті арттыру шаралары туралы айтты.

Сонымен қатар, шағын және орта бизнеске жүктемені азайтып, жаңадан кәсіп бастаған азаматтарға қолдау көрсетілетіні атап өтілді.Кездесу соңында кәсіпкерлер өз сұрақтарын қойып, ұсыныстарын білдірді.
Барлық көтерілген мәселелер алдағы уақытта орталық және жергілікті органдар деңгейінде қаралатын болды.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!