Топ-баннер2

Жұма, 13 наурыз, 12:52

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№18 (2230)
07.03.2026
PDF мұрағаты

Жаңа заң жобасының басты философиясы – әділетті қоғам құру

13.03.2026

53 0

Фото: Қызылорда Жоғары медициналық колледж

Бүгін өңірлік және қалалық жалпыұлттық коалиция өкілдері Ибадулла Құттықожаев, Гүлшат Мұсаева, Алтын Есқараева, Фарида Қалиева және Жанна Мирамбекқызы Қызылорда Жоғары медициналық колледжінің ұжымымен кездесу өткізді. Басқосу барысында қатысушыларға жаңа Конституция жобасының мазмұны мен оның ел болашағы үшін маңызы кеңінен түсіндірілді.

Жаңа заң жобасының басты философиясы – әділетті қоғам құру


Кездесу барысында қалалық коалиция жетекшісі Ибадулла Дүйсенбайұлы жаңа Конституция жобасы мемлекет басқару жүйесін жаңғыртуға бағытталғанын атап өтті. Оның айтуынша, бұл құжат Қазақстанның саяси жүйесін жетілдіріп, мемлекеттік институттардың тиімділігін арттыруға және билік тармақтарының арасындағы тепе-теңдікті нығайтуға мүмкіндік береді.

Жаңа заң жобасының басты философиясы – әділетті қоғам құру


— Жаңа Конституция жобасында саяси реформаларға ерекше мән берілген. Ұсынылып отырған құжат мемлекет басқару жүйесін жаңғыртып, заң шығарушы, атқарушы және сот билігінің өзара бақылауын күшейтуге бағытталған. Бұл өз кезегінде мемлекеттік институттардың тиімділігін арттырып, жауапты әрі ашық басқару жүйесін қалыптастыруға жол ашады, — деді ол.

Жаңа заң жобасының басты философиясы – әділетті қоғам құру

Спикердің айтуынша, жаңа Конституция жобасында бірқатар маңызды институттық өзгерістер қарастырылған. Соның бірі – бір палаталы Парламент құру. Жобаға сәйкес заң шығарушы орган Құрылтай деп аталып, 145 депутаттан тұрады. Мұндай жүйе саяси партиялардың жауапкершілігін арттырып, парламенттің кәсібилігін күшейтуге ықпал етеді.
Сонымен қатар жаңа Конституция жобасында Халық кеңесі атты жаңа консультативтік орган құру көзделген. Бұл орган азаматтардың мүддесін білдіретін қоғамдық институт ретінде қызмет етіп, заң шығару бастамасын көтеру құқығына ие болады.
Бұдан бөлек, жаңа Конституция жобасы адам құқықтарын қорғау кепілдіктерін күшейтуді, азаматтардың мемлекеттік басқаруға қатысу мүмкіндігін кеңейтуді және қоғам мен мемлекет арасындағы өзара сенімді нығайтуды мақсат етеді.
Ибадулла Құттықожаевтың айтуынша, жаңа Конституцияның басты философиясы – мемлекет пен қоғамның үйлесімді дамуына жағдай жасау, азаматтардың мүддесін қорғау және әділетті қоғам құру.
Кездесу барысында сөз алған қалалық коалиция мүшесі Алтын Есқараева жаңа Конституция жобасының ел дамуы үшін тарихи маңызы бар құжат екенін атап өтті.

Жаңа заң жобасының басты философиясы – әділетті қоғам құру

— Жаңа Конституция – бұл тек құқықтық құжат қана емес, ол еліміздің болашақ даму бағытын айқындайтын стратегиялық негіз. Бұл құжатта адам құқығы мен бостандығы ең жоғары құндылық ретінде қарастырылады. Мемлекет азаматтардың әл-ауқатын арттыруға, білім мен ғылымды дамытуға, қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті нығайтуға басымдық береді. Сондықтан әрбір азамат жаңа Конституция жобасын мұқият танысып, ел болашағына қатысты маңызды шешім қабылдауға белсенді қатысуы тиіс, — деді ол.

Жаңа заң жобасының басты философиясы – әділетті қоғам құру


Айта кетейік, Қазақстанда жаңа Конституцияны қабылдау мәселесі 2026 жылғы 15 наурызда өтетін республикалық референдумда халықтың дауыс беруі арқылы шешіледі. Бұл жалпыхалықтық дауыс беру елдің саяси дамуындағы маңызды кезеңдердің бірі болып саналады.
Кездесу соңында коалиция өкілдері барша азаматтарды және қала тұрғындарын 15 наурыз күні өтетін республикалық референдумға белсенді қатысуға шақырды.


— Әрбір азаматтың дауысы – елдің ертеңіне қосқан үлесі. Сондықтан бұл маңызды тарихи кезеңде бейжай қалмай, өз таңдауыңызды жасауға шақырамыз, — деді коалиция өкілдері.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: