2026 жылдан бастап фейерверкті балконнан, терезеден, не тұрғын үйлерге, ағаштар мен сымдарға жақын жерден атуға тыйым салынады. Тәртіп бұзғандар 86 500 теңгеге дейін айыппұл төлейді. Тыныштықты бұзғандар да жазасыз қалмайды, – деп хабарлайды kursiv.media
Тұрғындар үшін тыныштық сағаттары:
- Күн сайын – кешкі сағат 22:00-ден таңғы 9:00-ге дейін.
Бұл тәртіп жұмыс күндері де, демалыс пен мереке күндері де қолданылады.
Кафе, бар және өзге де көңіл көтеру орындары үшін:
- Жұмыс күндері – 22:00-ден 9:00-ге дейін
- Демалыс және мереке күндері – 23:00-ден 10:00-ге дейін
Қатты музыка немесе теледидар, айғай-шуға ұласқан жанжал, отшашулар ату – мұның бәрі әкімшілік құқықбұзушылық ретінде тіркелуі мүмкін.
2026 жылдан бастап тыныштықты бұзғандар қандай жазаға тартылады
1 қаңтардан бастап Қазақстанда тыныштықты бұзу ережелерін сақтамағандар үшін жаңа айыппұл мөлшері қолданылады.
Айыппұлдар:
- Жеке тұлғаларға – 5 АЕК (21 625 тг)
- Заңды тұлғаларға – 20-дан 100 АЕК-ке дейін (86 500 – 432 500 тг)
- Бір жыл ішінде қайталап бұзса, айыппұл көлемі екі есеге артады
Полиция тұрғындардың шағымын тіркеп, әуелі түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Егер заң бұзушылық анық расталса, хаттама толтырылады.
Салют атқанда айыппұл алмас үшін нені ескеру керек
Тыйым салынған әрекеттер:
- Балконнан немесе терезеден пиротехника атуға болмайды;
- Үйлерге, ағаштарға және электр желілеріне жақын жерден атуға болмайды, ең аз қашықтық 50 метр болуы тиіс.
Айыппұл мөлшері (2026 жылғы 1 қаңтардан бастап, 1 АЕК = 4325 тг):
- Рұқсат етілмеген жерде пиротехника қолдану – 20 АЕК = 86 500 теңге
- Өрт қауіпсіздігі ережесін бұзу – 5 АЕК = 21 625 теңге
Қайталанған жағдайда айыппұл мөлшері артады.
Еске салайық, Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов жаңа жыл қарсаңында және тойлау кезінде қандай фейерверктер үшін айыппұл салынатынын мәлімдеген еді.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
