Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мемлекеттік мекемесінің жеке құрамы 10 жас қызметкермен толықтырылды. Жас азаматтар ІІМ-нің Ш.Қабылов атындағы Қостанай академиясында екі айлық курстан өтіп келді. Алғашқы кәсіби теориялық білімдерін жетілдіріп келген бұл толқын енді практика жүзінде қылмыстық атқару саласындағы қиындықтарды көзімен көріп, біліктіліктерін дамытады. Мекеменің Режим және Күзет бөлімінің бастығы А.Төребеков мекеме аумағын толықтай көрсетіп, ішкі күн тәртібі мен таныстырды. №68 мекемесінің кәсіби қызметтік және денешынықтыру даярлығы жөніндегі инспекторы, әділет капитаны М.Тұрымбетовтың айтуы бойынша:
Бүгін жаңадан келген қызметкерлерге алдымен қылмыстық – атқару саласының ерекшеліктері, қажетті құжаттар мен жетондарға мұқият болып, қызметтік киім үлгісіне және сыртқы келбетіне әрдайым ұқыпты қарап жүру керек екендіктері ескертілді. Одан соң, олар арнайы ғимаратты аралап, күнделікті жұмыс процесімен танысты. Алдағы жұмыс барысын тез игеріп кетулері үшін және қиындықтарға төселдіру мақсатында тәлімгерлер тағайындалады. Тәжірибиелі тәлімгерлер жаңадан келгендерге жұмыс барысындағы ақылшы, қамқоршысы болуымен қатар, қызметтік дәрежесінің өсуіне де жол көрсетіп, бағыт- бағдар беріп отырады. Осылайша, біздің тергеу мекемесінде, жас толқын алдыңғы буынның орнын толтырып, отанымызға адал қызмет етіп келеді.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!