Жұма, 28 қараша, 12:47

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№90 (2202)
25.11.2025
PDF мұрағаты

Жаңа жылдан бастап бизнеске қандай жеңілдік беріледі?

28.11.2025

35 0

Фото: BAQ.KZ коллажы

Ұлттық экономика вице-министрі Ерлан Сағынаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте 2026 жылдың қаңтарынан бастап енгізілетін жаңа Салық кодексін түсіндіріп берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Вице-министрдің айтуынша, шағын бизнес үшін декларация мен бөлшек салық режимдері біріктіріліп, бірыңғай режим жасалады. Бұл жаңа режим шағын кәсіпкерлікке арналған бірыңғай салық жүйесін қамтамасыз етеді.

  • Жылдық кіріс шегі – 600 мың АЕК немесе 2,4 миллиард теңге. Қызметкерлер саны бойынша шектеу жоқ.
  • Егер жылдық кіріс 24 000 АЕК-тен асып кетсе, салық салынатын табыс жалақы қоры сомасына азайтылады.
  • Бұл режимді қолданатын салық төлеушілер ҚҚС және әлеуметтік салық төлеуші болып есептелмейді.

Өзін-өзі жұмыспен қамтушылар үшін жаңа жеңілдік режимі енгізіледі — біртұтас минималды төлем 4%.

Сонымен қатар, жеке кәсіпкер ретінде тіркелу міндетті емес. Біртұтас төлем құрамына зейнетақы аударымдары, әлеуметтік аударымдар және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналары кіреді, – деді ол.

Вице-министр атап өткендей, салық есеп беру формалары 30%-ға қысқарады, ал салық төлеушінің келісімі бойынша декларацияларды автоматты түрде толтыру мүмкіндігі қарастырылған.

Жоспарлы тексерулер толық жойылады, тек тәуекелдерді басқару жүйесі бойынша тексерулер жүргізіледі. Микро- және шағын бизнес үшін 2026 жылға дейінгі кезеңге салықтық тексерулер мен камералдық бақылау толығымен жойылды.

Сонымен қатар жер, көлік және мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдер 1 миллион теңгеден аз болса, есептеу жүргізілмейді.

Вице-министрдің айтуынша, сенімді салық төлеушілер үшін кепілсіз және банктік кепілдіксіз төлемді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу мүмкіндігі қарастырылған.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: