Жексенбі, 22 желтоқсан, 11:25

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Жаңа жылды тойлауға биыл да тыйым бола ма?

14.12.2022

733 0

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният елде коронавирусқа байланысты шектеу енгізуге негіз жоқ екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Үкімет кулуарында журналистер мемлекеттік органдарда бетперде режимі қайта енгізілуіне байланысты ковидтік шектеулер қатаңдатыла ма деп сұрады.»Жоқ. Қазір вирустық инфекцияның да, коронавирус инфекциясының да өсімі байқалады. Біз әр апта сайын салыстырамыз. Тәулігіне 200-ден астам жағдай тіркеліп жатқанын көріп отырсыздар. Біз адам көп жиналатын орындарда маска тағуға кеңес береміз», – деді Ғиният.

Сондай-ақ ол жаңажылдық корпоративтерге тыйым салынбайтынын атап өтті.»Әзірге жаңажылдық корпоративтер мен ертеңгіліктерге тыйым салынбайды. Өйткені жаппай ауыру жоқ», – деді денсаулық сақтау министрі.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: