Жаңаөзендегі төтенше жағдай салдарынан қаза тапқандар саны 4 адамға жетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
“11-45-те үйінділердің астынан әйелдің денесі алып шығарылды. Осылайша, қазіргі кездегі жағдай бойынша үйінділердің астынан 4 аман қалған адам мен 4 адамның денесі алып шағарылды”, – делінген хабарламада.
6 адам ауруханаға жатқызылды.
Үйінділерді аршу жұмыстары жалғасуда.
Еске салайық, бүгін таңертең Жаңаөзен қаласындағы 2-ші шағынауданда екі кіреберістен тұратын 12 пәтерлі 2 қабатты тұрғын үйде газ жарылды.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!