Жұма, 05 шiлде, 15:21

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№52-2062
02.07.2024
PDF мұрағаты

Жаңақорған ауданына газ келді

04.07.2024

25 0

Жаңақорған ауданы бойынша газдандыру үлесі халық санына шаққанда 40 пайызды, елді мекендер бойынша 20 пайызды құрайды.

Жаңақорған кентіне газ отыны келгелі бері кенттің аумағы кеңейіп мөлтек аудандарындағы тұрғын үйлер күннен күнге бой көтеруде. Осы мақсатта Жаңақорған кентінің кеңейтілген аумақтарына кварталішілік газ тарату желілерінің құрылысы жұмыс жобасы бойынша газдандырылатын 4 мөлтек ауданы, жүргізілетін газ құбырының ұзындығы 26,7 шықырым және 5 дана ШРП орнатылады.

Жоба құны іске асқан уақытта Жаңақорған кентінің Саяжай, МАИ бекеті, Ипподром мөлтек аудандарының 5120-ға жуық халқы газ пайдаланатын болады.

Атқарылып жатқан игі істерге аудан тұрғындары да дән риза.

-Біздің Жаңақорған ауданында көптеген игілікті істер жасалып жатыр.

“Газдандырылып жатыр,су тартылып жатыр,жолдарға тас төселіп жатыр. Бұрын негізі Жаңақорған ауданына газ тартылған. Бірақ жаңадан бой көтерген үйлерге газ тарту жұмыстары енді аяқталды. Біз оны мақтан етеміз. Осындай игілікті жұмысты атқаруда облыс әкімі Нұрлыбек Мәшбекұлына көп-көп рахмет айтамыз. Осы жұмысқа жұмылдырылған жандарға да айтар алғысымыз шексіз. Халық игілігі үшін аянбай еңбек етуде,- дейді аудан тұрғыны Серік Мұсабай.

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: