Сенбі, 23 қараша, 14:38

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Жаңақорған ауданының әлеуметтік-экономикалық көрсеткішінде өсім бар

21.07.2022

784 0

 Ауданның бірінші жартыжылдығында жалпы бюджет кірісі 104,6 пайызға жетсе, бюджет шығысы 99,9 пайызға орындалды. Сондай-ақ өнеркәсіп өнімінің көлемі 54 млрд 618 млн теңгені құрап, 102,4 пайызға жетті. Ал өңдеу өнеркәсібі өнімінің көлемі 102,9 пайызға орындалған. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Жаңақорған ауданының әкімі Мұрат Тлеумбетов хабарлады.

Жаңақорған ауданы өндірісі мен ауыл шаруашылығы қатар дамыған сондай-ақ кәсіпкерлік саласы өркендеп келе жатқан аудандардың бірі. Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі – 6 млрд 330 млн теңгеге жетті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 101,8 пайызды құрады. Биыл ауданда егін шаруашылығымен айналысатын 485 шаруашылық 36 777 гектарға егін екті. Ал 175 шаруашылық Сыр салысын өсіруде. Егілген күріштің көлемі – 6 300 гектар. Соңғы жылдары ауыл шаруашылығы дақылдарын әртараптандыруға басымдық берілуде. Жалпы дәнді дақылдар 11 467 гектарға егіліп, Талап және Жайылма ауылдық округінде тамшылату арқылы 7 гектар жерде қызанақ өсірілуде. Мал шаруашылығына тоқталсам, ауданда мүйізді ірі қара – 79 982 бас, қой – 346 635 бас, ешкі – 13 569, жылқы – 25 499 бас, түйе – 2 297 бас, құс – 21 743 бас бар. Осыған сәйкес өндірілген ет – 4319,8 тонна болса, сүт – 7286,4 тонна, жұмыртқа – 921 мың дананы құрады. Қысқы мал азығына дайындық жұмыстары жоспарға сәйкес орындалуда. Қазіргі таңда 61,8 мың тонна шөп дайындалды, – деді Жаңақорған ауданының әкімі Мұрат Жолкелдіұлы.

БАҚ өкілдерімен өткізілген брифингте аудан әкімі су тапшылығы мәселесіне байланысты ауданда атқарылған жұмыстарға тоқталды. Айтуынша, ауданға қарасты «Қожакент» ауылдық округіндегі «Бабакент» каналының 4,6 шақырым тазартылса, Жайылма ауылындағы 22 шақырымдық «Темірбетон» каналына тазарту жұмыстары тамыз айында аяқталмақ. Ал Қаратөбе ауылдық округіндегі Келінтөбе магистралды каналына реконструкциялау жұмыстары жүргізілуде.

«Қазсушар» РМК Қызылорда облысы филиалы есебінен Келінтөбе магистралды каналы мен Байкенже ауылдық округіндегі «Күркіреуік» каналына механикалық тазалау жұмыстары жүргізілді. Тау беткейдегі жайылымдарды суландыру үшін ұңғыма қазылды. Су тапшылығын болдырмау мақсатында тиісті жұмыстар жалғасатын болады, – деді Мұрат Жолкелдіұлы.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: