Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында қар құрсауында қалып қойған аңшылар құтқарылды.
Оқиға Жаңақорған ауданына қарасты Бірлік ауылы аумағындағы Қаратау беткейінде болды. 22 қарашада сағат 18.30 шамасында ауылдан алты адам тау жақта аң аулауға шыққан. Олардың қатарында 56, 35 жастағы екі азаматпен бірге 39 жастағы төрт жігіт болған. Қолайсыз ауа райы салдарынан қар қалың жауған. Бұл азаматтар бір күні бойы үйлеріне оралмаған.
«Ол жөніндегі хабар 23 қарашада сағат 20.55-те түсті. Төтенші жағдайлар департаменті 11 қызметкері 2 техникамен іздеу жұмыстарыа кірісті. Жоғалған азаматтар сағат 6.03-те Бірлік ауылынан 48 шақырым жерде Қаратау беткейінен табылды. Олар мінген УАЗ автокөлігі қар құрсауынан шығарылды», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!