Дүйсенбі, 21 сәуiр, 05:45

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№28,2141
19.04.2025
PDF мұрағаты

Жаңақорғандық жастардың ұйымдастыруымен кезекті баспананың іргетасы қаланды

07.03.2025

120 0

⠀»Жаңарған Жаңақорған жастары» қоғамдық қорының жастары жыл сайын баспанаға аса мұқтаж отбасыларға баспана кілтін табыстауды дәстүрге айналдырған. Биыл да қасиетті Рамазан айында белсенді жастар бір жұдырықтай бірігіп, 13-ші баспананың іргетасын қалады.

Игі бастамаға аудан әкімінің орынбасары Бектас Нуридинов, «Amanat” партиясы аудандық филиалының төрағасы Арман Мажитов, аудандық мәслихат депутаты Данияр Досантаев, ауданның бас имамы Әбдіхалық қажы Наметов, ел ағалары Сайділла Омаров, Ержан Сейтжаппаров, Еркін Абдуллаев арнайы қатысып, ізгілікті іс жасауға кіріскен ерікті жастарға алғыстарын білдірді.

Көптің қолдауымен 30 күн ішінде тұрғын үй құрылысы аяқталып, баспана кілті мұқтаж отбасыға табысталатын болады.

Жаңақорғандық жастардың ұйымдастыруымен кезекті баспананың іргетасы қаланды

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: