“Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын” деген тәмсілді білмейтін адам кемде-кем. Ал, табиғат – адамзаттың ортақ үйі десек, оны қорғау – әрбір саналы жанның борышы. ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекемесінің қызметкерлері Наурызнаманың «Жаңару күні» аясында игі іс жасап, қарттар үйінінің ауласына 22 түп ағаш отырғызды.
Бұл іс-шара – табиғатты түлетіп қана қоймай, қоғамдағы үлкенге құрмет пен қамқорлықтың үлгісін көрсетті. Мекеме қызметкерлерінің ортақ іске жұмыла кіріскені соның дәлелі. Әрине, әрбір егілген ағаш – тіршіліктің тынысы болып, жасыл-желекті көбейте түсері хақ.
Қызметкерлерге көңілі толған қариялар ризашылығын білдіріп, ақ батасын берді. Мұндай жанашырлыққа толы сәт ұрпақтар арасындағы байланысты бекітеді. Демек, жаңару күні адам бойындағы ізгі қасиеттердің де жаңғыратын кезеңі.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!