“Бір тал кессең, он тал ек” дейтін қазақ халқы жерді жемісті етіп, жасыл желекпен байытуды байыптаған. Бүгін – Наурызнамада бекітілген “Жаңару күні”. Осы ретте, ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекемесінде шаруашылық бөліміне қалдырылған жазасын өтеушілер мекеме аумағын абаттандыруға үлес қосып, 10 түп ағаш отырғызды.
Мұндай іс-шаралар жазасын өтеуші азаматтардың бойында еңбекке құрмет, тәртіпке бағыну және қоршаған ортаға қамқорлық жасау сияқты маңызды қасиеттерді қалыптастырады. Сонымен қатар, олардың қоғамға бейімделуіне оң ықпал етеріне шүбә жоқ.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
